Accessibility links

АҚШ Гуантанамодан 4 йемендікті босатты


Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).
Гуантанамо әскери базасындағы түрме, Куба (Көрнекі сурет).

Агенттіктердің хабарлауына қарағанда, АҚШ-тың Гуантанамо әскери базасындағы түрмеде отырған төрт йемендік Сауд Арабиясына жеткізілді. Бұған дейін Ақ үй қазіргі президент Барак Обама қызметінен кеткенге дейін түрмедегі тұтқындардың біразын босату жоспарланып отырғанын мәлімдеген. Reuters және France Press агенттіктері тұтқындардың түрмеден босатылған соң Эр-Рияд әуежайына жеткізілгенін хабарлады.

Барак Обама алғашқы президенттік өкілетті мерзімі басталмай тұрып түрмені жабуға уәде еткен еді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Обама президенттік қызметін аяқтайтын 20 қаңтарға дейін тағы бірнеше тұтқын басқа жаққа жіберілетінін хабарлаған. Болашақ президент Дональд Трамп Гуантанамодағы тұтқындарды босатуды доғаруға шақырады.Түрмеде қазір жалпы саны 40 тұтқын ғана қалды. Бұған дейін түрмеде терроризм айыбымен қамауда отырғандар азаптауға ұшырады деген әңгіме шыққан еді.

АҚШ президентінің әкімшілігі йемендіктерді соғыс жүріп жатқан елдеріне емес, Сауд Арабиясына жөнелтуге шешім қабылдаған. Тұтқыннан босатылған йемендіктер қоғамға қайта кірігуге бейімдеу бағдарламаларына өткен.

XS
SM
MD
LG