Accessibility links

АҚШ елшілігі: Трамп жарлығының Қазақстандағы елшіге қатысы жоқ


Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол жаңадан сайланған президент Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін және одан кейін де қызметін атқара береді. Бұл туралы бүгін елшіліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылады.

Елші Джордж Кролдың атынан жасалған мәлімдемеде 5 қаңтарда New York Times басылымы Дональд Трамптың инаугурациясы өтетін 20 қаңтарға дейін америкалық елшілер қызметінен кетуі тиіс екендігі туралы жарлық шығарғаны айтылады. New York Times сілтеме жасаған дипломаттар жарлықтың барлық елшіге бірдей қатысы барын айтқан.

Елшіліктің мәлімдеуінше, бұл жарлықтың саяси тағайындалған елшілерге ғана қатысы бар, кадрлық елші-дипломаттарға қатысты емес. "Бұл - АҚШ-та билік ауысқанда қолданылатын стандартты саясат" делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеде саяси тағайындалған елшілер АҚШ дипломатиялық кадрлық қызметінің мүшелері емесін айтады. "Саяси тағайындалған елшілер АҚШ-тың әлемдегі елшілерінің үштен бірін ғана құрайды, қалғаны - АҚШ дипломатиялық кадрлық қызметінің мүшелері саналады. Кадрлық елші саналатын Джордж Крол Қазақстандағы елші қызметін 20 қаңтарға дейін және одан кейін де атқара береді" дейді елшілік.

XS
SM
MD
LG