Accessibility links

АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласында бес адам оққа ұшты


Форт-Лодердейл қаласындағы халықаралық әуежай. Флорида, АҚШ, 6 қаңтар 2017 жыл.
Форт-Лодердейл қаласындағы халықаралық әуежай. Флорида, АҚШ, 6 қаңтар 2017 жыл.

Қаңтардың 6-сы күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласының әуежайында қарулы шабуылдан бес адам қаза тауып, сегіз адам ауруханаға жеткізілген. Шабуылға күдікті ұсталған деп хабарлайды батыс ақпарат құралдары.

Шабуыл жасаған адам жалғыз болған деген болжам бар деп хабарлайды USA Today. Reuters агенттігі күдіктіні шамамен 20 жастағы жігіт деп сипаттайды. MSNBC оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап, күдікті қаруын қайта оқтамақшы болған кезде полиция оны атып жаралаған деп хабарлады.

Оңтүстік Флориданың шығыс жағалауында, Майами мен Уэст-Палм-Бич қалалары арасында орналасқан курортты Форт-Лодердейл қаласында 170 мыңға жуық адам тұрады. Жыл сайын қалаға миллиондаған турист келеді.

XS
SM
MD
LG