Accessibility links

Православ христиандар Рождествоны тойлап жатыр


Алматыдағы Вознесенский кафедральды соборы. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы Вознесенский кафедральды соборы. (Көрнекі сурет.)

Бүгін әлемдегі миллиондаған православ христиандар Рождество мейрамын атап өтіп жатыр.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Рождество – бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны" делінген президент құттықтауында.

Қаңтардың 7-сіне қараған түні Қазақстанның әр аймағында православ шіркеулерінде Ғайса пайғамбардың туған күніне арналған діни рәсім өткізілді.

Ресми дерек бойынша, 17 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанда православ христиандары саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

Қазақстанда православ христиандардың Рождество мерекесі демалыс күні болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG