Ирак армиясы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы содырларын Мосулдың стратегиялық маңызы бар ауданынан ығыстырды. Түнгі операция нәтижесінде үкімет күштерінің Мосулдың Мутан кварталын алғаны хабарланды. Төбеде орналасқан бұл аудан қаланы биіктен бақылауға мүмкіндік береді.
Өткен жылғы қазан айының соңынан бері күрдтердің пешмерга қарулы тобы, араб сүнниттерінің тайпалары мен шиит еріктілерінің жасақтары АҚШ жетекшілік ететін коалиция әскери ұшақтары мен кеңесшілерінің қолдауымен Мосулдың шығыс бөлігінің үштен екісіне бақылау орнатқан.
ИМ содырлары Ирактың екінші ірі қаласы Мосулды 2014 жылы жазда басып алған.