Accessibility links

Филиппин президенті Ресеймен одақтас болғысы келеді


Филиппин президенті Родриго Дутерте ресейлік "Адмирал Трибуц" әскери кемесінде. Манила, Филиппин, 6 қаңтар 2017 жыл.
Филиппин президенті Родриго Дутерте ресейлік "Адмирал Трибуц" әскери кемесінде. Манила, Филиппин, 6 қаңтар 2017 жыл.

Филиппин президенті Родриго Дутерте АҚШ-пен қарым-қатынасы нашарлағаннан кейін Ресейді жаңа одақтасы ретінде көргісі келетіні туралы мәлімдеген.

Дутерте бұл туралы айтқан жұма күні Филиппин астанасы Манилада төрт күндік сапармен ресейлік әскери кемелер болған деп хабарлайды Reuters. Агенттік бұл екі ел тарихындағы алғашқы оқиға екенін айтады.

Дутерте биыл сәуір айында Ресейге ресми сапармен бармақшы.

АҚШ 26 мың әскери мылтық беру туралы келісімді тоқтатып қойған соң былтыр желтоқсанда Дутерте өз министрлерін Мәскеуге Филиппинге қару сату мәселесін талқылауға жұмсаған.

АҚШ президенті Барак Обама Филиппин президенті Дутертенің есірткіге қарсы күрес науқанын сынағаннан кейін екі елдің арасындағы жағдай нашарлап кеткен. Обаманың сөзіне шамданған Дутерте «Филиппин қазір отар ел емес» екенін мәлімдеп, оған «құрмет танытуға» шақырған.

2016 жылы жазда Филиппин президенті қызметіне кіріскен 71 жастағы Родриго Дутерте елдегі есірткі саудасын түп-тамырымен жоюға уәде еткен. Соңғы бірнеше айда Филиппинде есірткі саудасына қатысы бар деген күдікке ілінген бес мыңнан аса адам ешқандай сот тергеуінсіз атып өлтірілген.

XS
SM
MD
LG