Accessibility links

Алматыдан 195 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін, қаңтардың 7-і күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 195 километр қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:59 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, жердің 10 километр терең қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,1.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG