Accessibility links

Трамп: Ресейдің АҚШ-қа құрметі әлі-ақ артады


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп пен әйелі Мелания Трамп. Палм-Бич, Флорида, 31 желтоқсан 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында америкалық серверлерге жасалған хакерлік шабуылға қатысты және Ресеймен қарым-қатынас туралы пікірін жариялады.

Трамптың пікірінше, АҚШ демократяилық партиясы ұлттық комитетінің серверлері «өрескел салғырттық» кесірінен кибершабуылға ұшыраған. Және ол республикалық партия ұлттық комитеті серверлерінің қорғанысы сенімді екенін атап өткен.

Бұған қоса Трамп АҚШ барлау қызметтері хакерлік шабуылдардың сайлаушылардың дауыс беру нәтижесіне қандай да бір ықпал еткеніне айғақ-дәлел жоқ екенін мәлімдегеніне назар аударған. «Дауыс беру машиналарына қол сұғылған жоқ» деп жазған Трамп. Демократтар серверлеріне хакерлік шабуылды соншама кеңінен талқылауға түрткі болған жалғыз себеп – бұл партияның ірі жеңіліске ұшырауы және сөзсіз түңілуі деп жазады Трамп.

Ресеймен байланысқа қатысты Трамп ол елмен тәуір қатынасты дамыту – жаман емес, игілікті іс деген тұрғыда пікір білдірген. Оның сөзінше, тек ақымақтар ғана бұл жаман деп ойлауы мүмкін. Әлемде қордаланған мәселе көп, олардың кейбірін Ресеймен бірлесіп шешуге болады деп санайды АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті.

"Мен президенттікке кіріскен соң Ресейдің АҚШ-қа құрметі қазіргіден артады" деп жазған Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

AzattyqTV

Ас үйде дайындалған бионикалық протез
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00
XS
SM
MD
LG