Мексика астанасы Мехико қаласында бензин мен дизель отыны бағасының қымбаттауына қарсылық білдіріп шеруге шыққан бір жарым мыңға жуық адам ұсталған. Қалада тәртіпсіздіктер болып, ұрлық пен тонау күрт көбейген.
Елде бензин бағасын біртіндеп қымбаттату жоспарына наразылық бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Қаңтардың басынан бері отын бағасы жалпы алғанда 20 пайызға қымбаттаған. Тұрғындар наразылығының өршуіне өсіп бара жатқан инфляция деңгейі мен елдің қазіргі президенті Пенья Ньеттоға деген сенімнің азайып кетуі де әсер етіп отыр.
Кеше баға кезекті мәрте қымбаттағаннан кейін наразылықтар тәртіпсіздіктерге ұласып, алты адам қаза болған. Мексика президенті халықты шеруді доғаруға шақырып, бағаның қымбаттауын ұлттық экономиканы құтқару қажеттігімен түсіндірген.