Accessibility links

Пекинде ауаның ластануымен күресетін полиция құрылмақ


Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында беттеріне маска тағып жүрген қыз бен жігіт. (Көрнекі сурет.)
Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында беттеріне маска тағып жүрген қыз бен жігіт. (Көрнекі сурет.)

Қытай астанасында ауаның ластануына қарсы күресетін экологиялық полиция құрылмақ. Жаңа құрылымға ауаны ластау себептерін, оның арасында зиянды түтін бөлетін өнеркәсіп орындарын, заң ережелерін бұзып қоқыс өртейтіндерді, сонымен бірге шаң-тозаң көтеруге себеп болатындарды анықтау міндеті жүктеледі.

Пекин мэрі Цай Цидің сөзінше, қалада энергия көзі ретінде көмірді пайдалану 30 пайызға қысқартылмақ. Сонымен бірге ауылды жерлерде де энергия өндірудің балама, зияны аз әдістерін қолдану қарастырылып жатқаны хабарланды.

Өткен аптада Пекин ауа райын зерттеу орталығы қала тұрғындарына ауадағы зиянды түтін мөлшері қауіпті деңгейге жеткені туралы хабарлаған. Қытай өндірістің қарқынды дамуынан қоршаған ортаның ластануына қарсы үшінші жыл бойы күрес жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG