Бүгін Иерусалимнің орталығындағы Ескі шаһар ауданында жүк көлігін басқарған біреу көшедегі жаяу жүргіншілерді таптап өткен. Салдарынан 15 адам зардап шеккен.
Reuters агенттігі үш адам қаза тапқан деп хабарлады, бұл ақпарат әзірше ресми түрде расталған жоқ.
Жергілікті ақпарат құралдары "полиция жүк көлігі жүргізушісін атып өлтірген" деп хабарлады. Израиль билігі бұл оқиғаны теракті деп атаған.