Accessibility links

Иранның экс-президенті Рафсанжани қайтыс болды


Акбар Хашеми Рафсанжани, Иранның бұрынғы президенті.
Акбар Хашеми Рафсанжани, Иранның бұрынғы президенті.

Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани 82 жасында ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болды деп хабарлады ирандық ақпарат құралдары.

Рафсанжани Батыс елдерімен қарым-қатынасты жақсартуға дайын "прагматик консерватор" саналды. Ол Иранды 1989-1997 жылдары басқарды. 2005 жылы президент сайлауына түсіп, Махмуд Ахмединежадтан жеңіліп қалды. Жеңілістен соң жаңа президентті ашық сынады. Ол 2013 жылы президенттікке кандидатурасын тағы да ұсынғысы келген еді, бірақ сайлау комиссиясы "жасы келді" деп, оны тіркеуден бас тартқан.

Рафсанжани 2013 жылғы сайлауда жеңген президент Хассан Роуханиді қолдап, онымен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол сонымен қатар Иранның рухани көсемін тағайындап және қызметінен алатын эксперттер кеңесінің мүшесі де болды.

Ол өмірінің соңғы кезеңінде парламент пен Ислам революциясын қорғау корпусының арасындағы дауларды шешумен айналысатын жүйені анықтау алқасын басқарған.

XS
SM
MD
LG