Accessibility links

"ҚазТрансГазАймақ": Шымкенттегі жарылыс газ пешін дұрыс қоспаудан болған


Шымкентте газ жарылысынан қираған екі қабатты үй. 9 қаңтар 2017 жыл.
Шымкентте газ жарылысынан қираған екі қабатты үй. 9 қаңтар 2017 жыл.

Шымкентте барак типтес екі қабатты үйде газ жарылып, қирауына алдын ала болжам бойынша газ пешін талапқа сай орнатпау себеп болған деп хабарлады "ҚазТрансГазАймақ" компаниясының баспасөз қызметі.

Шымкентте 18-шағын аудан аумағындағы №48 үйдегі жарылыс 8 қаңтар күні таңғы сағат төрттің шамасында болған. Жарылыстан бір әйел қаза тауып, көлемі 64 шаршы метрді құрайтын үй қирап қалған. Төрт адам зардап шегіп, үшеуі ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендер арасында 2015 жылы туған сәби де бар.

Компанияның ақпаратына қарағанда, үй иесі А.Оралбаев жарылыс болған үйде екі отбасы пәтер жалдап тұрған. "Алдын ала болжам бойынша, газ құрылғысын орнатудың техникалық шарттары бұзылуынан газ-ауа қоспасы жиналып, жарылыс болған" дейді компанияның баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG