Accessibility links

Нетаньяху: Иерусалимдегі шабуылды жасаған ИМ мүшесі болуы мүмкін


Иерусалимдегі шабуыл орны. Израиль, 8 қаңтар 2017 жыл.
Иерусалимдегі шабуыл орны. Израиль, 8 қаңтар 2017 жыл.

"Иерусалимде бір топ израиль әскерін жүк көлігімен таптап өткен адам, қолда бар мәлімет бойынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшесі болған" деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

8 қаңтарда Иерусалимнің орталығындағы Ескі қала ауданында жүк көлігін мінген бір адам көшедегі жүргіншілерді таптап өткен. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Полиция жүк көлігін жүргізген адамды оқиға орнында атып тастаған. Полиция оқиғаны теракт деп бағалайды.

Оқиға орнына барған Нетаньяхудың мәлімдеуінше, билік шабуыл жасаған адам тұрған Джабель Мукабер ауданына кіретін жолдарды жапқан және мұндай оқиғаларды қайталануының алдын алу шараларын жасап жатыр. Ақ үй шабуылды айыптап: "Қорқаулар жасайтын мұндай шабуылдарды еш нәрсемен ақтап алуға болмайды. Біз барлығын біржақты түрде терроризмге ешқашан төзімділік танытуға болмайды деп мәлімдеуге шақырамыз" деп мәлімдеді.

2016 жылы палестиналықтар израильдіктерге бірнеше рет қарулы шабуыл жасаған. Өткен жылдың қыркүйегінен бері шабуылдардан кем дегенде 40 израильдік пен екі америкалық азамат қаза тапты. Осы уақыт ішінде Израиль арнайы қызметінің қолынан 229 палестиналық оққа ұшты.

XS
SM
MD
LG