Accessibility links

Бішкек пен Астана ет, сүт өнімдерін тасымалдау тыйымын талқылап жатыр


Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Қазақстанның өз аумағы арқылы Қырғызстанның ет және сүт өнімдерін көлікпен тасымалдауға тыйым салғанын екі ел дипломатиялық арналары арқылы талқылап жатыр деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық инспекциясының директоры Қалысбек Жұмақанов.

Қырғызстан жағының мәліметінше, тыйым 2017 жылдың басында салынған. Жұмақановтың айтуынша, 3 қаңтарда Қырғызстан ветеринарлық тексеру мен бақылаудан өтуі тиіс өнімдерді енді теміржолмен ғана тасымалдауға болатыны туралы хат алған.

Мұндай өнімдер бұған дейін көлікпен де тасымалданып келген және тауарды тасымалдау кезінде шекарада шектеу болмаған.

XS
SM
MD
LG