Accessibility links

Иран алғашқы Airbus жолаушы ұшағын қабылдап алды


Гамбургтегі авиазауытта тұрған Иранның тапсырысы бойынша құрастырылған Airbus A321 ұшағы. Германия, 19 желтоқсан 2016 жыл.
Гамбургтегі авиазауытта тұрған Иранның тапсырысы бойынша құрастырылған Airbus A321 ұшағы. Германия, 19 желтоқсан 2016 жыл.

Иран өзінің тапсырысы бойынша жасалған жаңа Airbus жолаушылар ұшағын "техникалық тұрғыдан" қабылдап алды. A321 ұшағы жоспар бойынша Иранға бірнеше күнде жеткізілмек.

Airbus компаниясы өкілінің 8 қаңтарда хабарлауынша, "техникалық қабылдау" процедурасы аяқталды және енді Иранға халықаралық санкциялар жойылғаннан бергі алғашқы ұшақ жеткізіледі.

Иран өткен жылы кезінде ядролық бағдарламасына байланысты салынған санкциялар жойылған соң 200 коммерциялық ұшақ, оның ішінде америкалық Boeing компаниясының 80 ұшағын сатып алуға тапсырыс берген.

Иран тапсырыс берген 189 орындық жолаушылар ұшағы Германияның Гамбург қаласында құралған. Ұшақты ресми түрде тапсыру салтанаты 11 қаңтарда Airbus-тың Тулузадағы штаб-пәтерінде өтеді. Иран шенеуніктері осы аптаның соңында ұшақ елге жеткізілген соң тағы бір ресми салтанатты шара ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG