Accessibility links

АҚШ-та "Алтын глобус" киножүлдесінің жеңімпаздары жарияланды


Режиссер Барри Дженкинстің "Ай жарығы" картинасы үшін "Алтын глобус" жүлдесін алып тұрған сәті. Лос-Анжелес, 9 қаңтар 2017 жыл.
Режиссер Барри Дженкинстің "Ай жарығы" картинасы үшін "Алтын глобус" жүлдесін алып тұрған сәті. Лос-Анжелес, 9 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-та кино саласындағы "Алтын глобус" жүлдесін биыл "Ерекше драма" номинациясында америкалық режиссер Барри Дженкинстің "Ай жарығы" (Moonlight) фильмі ұтып алды. Бұл туралы Лос-Анжелесте өткен киноакадемияның жүлделерін табыстау салтанатында жарияланды. "Алтын глобус" жүлдесі осымен 74-рет табысталып отыр.

Жас актриса мен пианинашының романы туралы "Ла-Ла-Ленд" мюзиклы биыл "Алтын глобус" жүлдесін ең көп номинация бойынша алған фильм болды. Дэмьен Шазеллдің "Ла-Ла-Ленд" картинасы жүлдені "Ең үздік комедия немесе мюзикл", "Ең үздік сценарий", "Ең үздік режиссер", Ең үздік ән" және "Фильмге жазылған ең үздік саундтрек" номинациялары бойынша ұтып алды. Басты рөлдерде ойнаған Эмма Стоун мен Райан "Алтын глобус" жүлдесін Гослинг комедия немесе мюзиклде ойнаған ең үздік әйел және ердің рөлі үшін ұтып алды.

Британ ханшайымы отбасының өмірі туралы "Тәж" фильмі жүлдені ең үздік драмалық сериал номинациясы бойынша ұтып алды. Британ актрисасы Клэр Фой осы фильмде жас Елизавета ІІ рөлін ойнағаны үшін "Алтын глобус" жүлдесін иеленді.

Екінші пландағы ең үздік актрисаға берілетін жүлдені "Қоршау" (Fences) фильміне түскен Виола Дэвис, ал ең үздік екінші пландағы актерге берілетін жүлдені "Түн қараңғысында" (Nocturnal Anomals) триллеріндегі рөлі үшін Аарон Тейлор-Джонсон иеленді.

Ең үздік шетелдік картина фильмін режиссер Пол Верховеннің "Ол" (әйел адам туралы) фильмі (Франция) ұтып алды.

"Алтын глобус" жүлдесі 1944 жылдан бері жыл сайын тапсырылып келеді. Жүлдені құрамына Голливудта жұмыс істейтін шамамен 90 халықаралық журналист кіретін Шетел баспасөз ассоциациясы тағайындайды. "Алтын глобус" жүлдесін ұтып алған картиналар мен актерлер Америка киноакадемиясының наградасы - "Оскар" жүлдесін ұтып алуы мүмкін үміткер деп саналады.

XS
SM
MD
LG