Accessibility links

Өзбекстан шетелдіктерге визасыз кіру тәртібін енгізуді кейінге қалдырды


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 27 елдің азаматтары үшін елге визасыз кіруге рұқсат ету жоспарын төрт жылға кейінге қалдырды. Бұл туралы Өзбекстан заңнамаларының ресми сайтында бүгін Мирзияевтің 29 желтоқсанда визасыз режим жоспарын кейінге қалдыру туралы жарлығы жарияланды.

Жарлықта Мирзияевтің әуелде 6 желтоқсанда өзі мақұлдаған 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап 27 мемлекеттің азаматтарына елге визасыз кіруді ұсынған жоспары 2021 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетіні айтылған.

Жоспар бойынша, 15 мемлекет - Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Дания, Германия, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Сингапур, Финляндия, Швейцария және Жапония азаматтарына Өзбекстанда 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беру қарастырылған.

Сонымен бірге АҚШ, Бельгия, Франция, Польша, Венгрия, Чехия, Индонезия, Қытай, Малайзия, Вьетнам және Израильдің жасы 55-тен асқан азаматтарына да Өзбекстанға 30 күнге дейін визасыз еркін кіру қарастырылған болатын.

XS
SM
MD
LG