Accessibility links

Меркель: Елде қалмайтын мигранттарды депортациялауды тездету керек


Ангела Меркель, Германия канцлері.
Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель салалық ведомстволарды босқын мәртебесі берілмейтін мигранттарды елдеріне депортациялауды жетелдетуге шақырды. Меркельдің мәлімдеуінше, тәжірибе билік мигранттардың Германияда қалу, я қалмауы және оларды елдеріне жіберудің қаншалықты қауіпті деген мәселені әлдеқайда жылдам шеше алатынын көрсетті. Канцлер босқын мәртебесін беруден бас тартылған мигранттарды елдеріне қайтаруға "мемлекеттік деңгейде" күш салуға уәде берді. Ол депортация процесі "мигранттар қайтарылатын елдермен келіссөз жүргізген жағдайда" ғана табысты болатынын айтты.

Берлинде өткен жылдың 19 желтоқсанында жаңа жыл жәрмеңкесінде болған терактіден соң Германияда босқын мәртебесі берілмейтін мигранттарды депортациялау және өз еркімен елден шығару мәселесі күн тәртібіне шыққан.

Германия билігі шабуылға күдіктінің Тунистен шыққанын және шабуыл жасалғанға дейін оған босқын мәртебесін беруден бас тартылғанын айтады. Германия Тунис әуелде күдіктіні өз азаматы деп танудан бас тартқандықтан дер кезінде депортациялай алмай қалған. 8 қаңтарда Берлин босқын мәртебесі берілмейтін азаматтарын қабылдаудан бас тартқан елдерге көмек көрсетуді доғаратынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG