Accessibility links

Министр: Қазақстанда мемлекеттік білім грантының саны артады


Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі.
Ерлан Сағадиев, білім және ғылым министрі.

Қазақстанда биыл бакалавриат, магистратура және докторантураға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

"Демографиялық өсімге байланысты биыл бакалавриат, магистратура және докторантураға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны он мыңға көбейеді. Қазір бұл ұсыныс мәжіліске жіберілді" деді министр.

Министрліктің дерегі бойынша, 2016 жылы 35 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінген. Қазір Қазақстандағы университеттерде 500 мыңға жуық студент оқып жатыр.

XS
SM
MD
LG