Accessibility links

Керри жыныстық азшылық өкілдерін кемсітуге қатысты кешірім сұрады


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) өкілдерінен бұрын бұл жыныстық азшылық топ өкілдерінің мелмекеттік департамент тарапынан көрген кемсітушілігі үшін кешірім сұрады.

"Бұрын - 1940 жылдары және одан кейінгі онжылдықтарда мемлекеттік департамент көптеген мемлекеттік және жекеменшік мекемелермен бірге қызметкерлері мен жұмыс іздеп келгендерді олардың жынысына қарап кемсітіп, кейбірін қызметінен кетуге мәжбүрледі, кейбірін жұмысқа алудан бас тартты. Бұл әрекеттер сол кездің өзінде дұрыс емес болатын, қазір де дұрыс болмаған болар еді" деді Керри мәлімдемесінде.

Мемлекеттік хатшы осындай кемсітушіліктерден зардап шеккендерден кешірім сұрап, АҚШ сыртқы саяси ведомствосы ұжым қалыптастаруда әртүрлілік пен интеграция принциптеріне адал болуға міндетті екенін айтты. Ол мемлекеттік департамент соңғы жылдары өзінің шетелде қызмет ететін жыныстық азшылық өкілдері отбасыларына басқа да қызметкерлерде бар құқықтарды беруге талпынып келе жатқанын айтты.

XS
SM
MD
LG