Accessibility links

Германияның экс-президенті Роман Герцог көз жұмды


Роман Герцог, Германияның бұрынғы президенті.

Германияның бұрынғы президенті Роман Герцог 82 жасында қайтыс болды.

10 қаңтарда Герцогтың көз жұмғанын ғана хабарлаған Германия президентінің кеңсесі басқа ақпар бермеді.

Роман Герцог Германия президенті қызметін 1994-1999 жылдары атқарды. Германияда президент лауазымы көбіне формалды деп саналғанымен, Герцог көпшіліктің есінде елдің моральдық ұстыны ретінде қалды.

Роман Герцог германиялықтарды нацистік өткен шақтарына қарсы тұруға шақырды. Ол президент болып тұрған кезде Германияда 27 қаңтар - Холокост құрбандарын ресми еске алу күні деп белгіленді.

Ол Еуропаның нацистер басып алған елдеріне үндеу жасап, 1944 жылғы нацистерге қарсы Варшава көтерілісінің 50 жылдығына арналған шараларға қатысуға Польшаға барды.

Герцог 1997 жылы Германияда консерватор Гельмут Кольдің 16 жылдық басқаруынан соң "Германияда сілкініс жасауға" үндеп, либералдық әлеуметтік-саяси реформалар жүргізуге шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG