Accessibility links

Әзербайжанда белгілі блогер ұсталып, айып тағылды


Мехман Хусеинов, әзербайжандық блогер.
Мехман Хусеинов, әзербайжандық блогер.

Әзербайжанда белгілі блогер, үкіметтегі коррупцияны әшкерелемек болған Мехман Хусеинов ұсталып, полицияға бағынбады деген айып тағылды. Азаттықтың Әзербайжан редакциясына бұл туралы Хусеиновтің адвокаты Эльчин Садыгов айтты.

Бұған дейін Хусеиновтің серіктері оны 9 қаңтарда Бакудің орталығында азаматтық киімдегі бірнеше ер кісі күштеп көлікке салып әкеткенін, содан бері оны көрмегендерін хабарлаған.

Садыгов Хусеиновтің Бакудің Насими аудандық сотына алып жеткізілгенін, егер кінәлі деп танылса 30 тәулікке қамалуы мүмкін екенін айтады.

Соңғы апталарда Хусеинов интернетке үкімет шенеуніктері мен депутаттардың иелігінде деген бірнеше вилланың суретін жариялап, үйлерді салған құрылысшылардан комментарий алған.

Құқық қорғаушылар мен Әзербайжан билігін сынайтындар президент Ильхам Әлиев елдегі өзгеше ойлайтындарды басу үшін саяси қитұрқы әдіс-тәсілдерді қолданып, қудалайды дейді.

XS
SM
MD
LG