Accessibility links

FIFA әлем чемпионатына қатысатын елдердің санын көбейтті


FIFA президенті Джанни Инфантино.
FIFA президенті Джанни Инфантино.

Халықаралық футбол федерация (FIFA) әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 48-ге дейін көбейту туралы шешім шығарды.

Бұл туралы шешім бүгін Цюрихте өткен федерация отырысында қабылданды. Жаңа жүйеге сай 2026 жылғы әлем чемпионатына 48 елдің құрамасы қатысады. 48 команда үш-үштен 16 топқа бөлінеді.

Бұл идеяны Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы Луиш Фигу ұсынған. Қазіргі FIFA президенті Джанни Инфантино да сайлауалды бағдарламасында әлем чемпионатына қатысатын командалар санын арттыратынын айтқан.

Төрт жылда бір рет өтетін әлем чемпионатына қазір 32 құрама қатысады. 2018 жылы Ресейдегі, 2022 жылы Катардағы әлем чемпионаты ескі жүйе бойынша өтеді.

XS
SM
MD
LG