Accessibility links

Савченко "тұтқындар мен із-түзсіз жоғалғандар" тізімін жариялады


Надежда Савченко, Украина парламентінің депутаты.

Украина депутаты Надежда Савченко Украина шығысындағы үш жылға жуық уақытқа созылған қақтығыста тұтқынға түскен немесе із-түзсіз жоғалған жүздеген адамның аты-жөнін жариялады. Савченко биліктің мұндай ақпаратты құпия ұстау туралы ескертпесін елемеді. Facebook-тегі жазбасында бұрынғы әскери ұшқыш, 2014 жылы Ресейде түрмеде отырып шыққан Савченко тұтқындар мен жоғалғандардың аты-жөнін жариялау украин билігін оларды босатуға барынша көп күш салуға мәжбүрлейді деп үміттенетінін айтты.

"Тұтқындар мен жоғалғандардың тізімін не үшін жариялау керек? Оларды табу үшін!" деп жазды Савченко. Ол тұтқын алмасудың, құпия түрмелерде отырған болуы мүмкін делінгендер мен із-түзсіз жоғалғандарды іздеудің жоспарын баяндады.

Украина қауіпсіздік қызметінің аты-жөнін атамаған жоғары шенді шенеунігі Азаттыққа қауіпсіздік қызметі Савченконың тізімді жариялау шешімін қолдамағанын мәлімдеді. Ол тізім жарияланса ондағы адамдар мен олардың туыстары алаяқтардың және тізімді пайдаланғысы келіп қалатындардың құрбанына айналуы мүмкін дейді. Украина қауіпсіздік қызметінің өкілі тізімді жариялау, я жарияламауды онда аталған адамдардың туыстары анықтауы тиіс болғанын айтады.

AzattyqTV

Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG