Accessibility links

АҚШ-та шіркеуде кісі өлтірді деп айыпталғанға өлім жазасы кесілді


Африка методистерінің епистоптық шіркеуінің тоғыз мүшесін атып өлтірді деп айыпталған Дилан Руф.

АҚШ-тың Чарльстон қаласында Имануэль Африка методистерінің епископтық шіркеуінің тоғыз мүшесін өлтірді деп айыпталған Дилан Руфқа өлім жазасы кесілді. 22 жастағы ақ нәсілді Дилан Руфқа үкім 10 қаңтарда жарияланды.

Руф - федералдық заң бойынша жеккөрініштілік негізінде қылмыс жасады деген айыппен өлім жазасына кесілген алғашқы америкалық.

Сот кезінде Руф айыпқа қарсы дау айтып, қылмысына өкініш білдірмеді. Ол үкім оқылғанда жаппай кісі өлтіруіне не себеп болғанын айтпады. Үкім жарияланған кезде ол ешқандай эмоция білдірмеді.

2015 17 маусымда жасалған шабуылда Дилан Руф шіркеуге келушілерге оқ атып, тоғыз адамды мерт қылған. Қаза тапқандардың алтауы әйел, үшеуі ер адам, оның ішінде Демократиялық партия атынан сайланған АҚШ сенатының мүшесі де бар. Шабуылдан соң Дилан Руф Федералдық тергеу бюросының тергеушілеріне халықты нәсілі бойынша бөлектеуді қалпына келтіргісі келгенін және нәсілдік жанжал шығармақ болғанын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG