Accessibility links

Бельгияда Париждегі 2015 жылғы шабуылдарға күдікті екі адам ұсталды


Брюссель көшелерінде жүрген полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Бельгия полициясы Брюссельде 2015 жылы қарашада Парижде болған терактілерге қатысты тергеу аясында екі адамды ұстады. Reuters-тің хабарлауынша, қазір олар тергеліп жатыр, жақын уақытта сот оларды қамау мәселесін шешуі мүмкін.

2015 жылы 13 қарашада Парижде бір уақытта бірнеше жерде болған шабуылдар мен жарылыстардан 130 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам жараланған. Шабуылдардың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Франция билігі шабуылдардан соң елде төтенше жағдай жариялаған, оның күші әлі күнге сақталып тұр.

Тергеу мәліметінше, терактілерді ұйымдастырып, іске асырғандар Бельгияда тұрған және ол жерде әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Оларға мемлекеттен төленген қаржының жалпы сомасы 50 мың еуродан асады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG