Accessibility links

Тиллерсон мұсылмандардың кіруіне тыйым салуға қарсылық білдірді


Рекс Тиллерсон АҚШ сенатының халықаралық істер комитетінде сөйлеп тұр. Вашингтон, 11 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың мемлекеттік хатшылыққа ұсынған кандидаты Рекс Тиллерсон исламды "ұлы сенім" деп атап, жекелеген дінге немесе діни топқа жаппай тыйым салуды қолдамайтынын мәлімдеді. ExxonMobil компаниясының бұрынғы басшысы Рекс Тиллерсон бұл туралы 11 қаңтарда АҚШ сенатының сыртқы істер комитетінде өткен тыңдауда айтты. Трамп сайлауалды кампаниясында терактілердің алдын алу мақсатында АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне уақытша тйым салуды ұсынған еді.

Трамптың бұл ұсынысын АҚШ-та Демократиялық партия мен Республикашыл партияның өкілдері адамдарды кемсітушілік деп айыптаған. Содан бері Трамп терактілер болып жатқан, мұсылмандар басым тұратын елдерден келген адамдарды "жаппай тексеруге" шақырып жүр.

Тиллерсон сенат мүшелеріне ExxonMobil-де қызмет еткен кезінде Таяу Шығыс пен Азияның оңтүстік-шығысындағы көптеген мұсылман елдерінде болғанын айтты. Ол "бұл ұлы дінді танып, бағалай бастағанын", дегенмен қазір АҚШ-та "өзекті мәселелерді" шешу, оның ішінде елге экстремистерді кіргізбеу міндеті тұрғанын мәлімдеді. Тиллерсонның сөзіне қарағанда, АҚШ "бұл жағдайға көз жұма қарап, елемей отыра алмайды". "Біз бұл қауіпті толық түйсініп, оны жою жолдарын қарастыруымыз керек" деді Тиллерсон.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG