Accessibility links

Тәжин президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болды


Марат Тәжин.
Марат Тәжин.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаевты қызметінен босатып, орнына Марат Тәжинді тағайындады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Тәжин осыған дейінгі қызметі - Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Ресми ақпаратта Майлыбаевтың қызметінен не себепті босатылғаны айтылмаған.

Марат Тәжин президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін бұған дейін де - 2002-2006 жылдары атқарған. Ол бірнеше жыл президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін Ресейде елші болды.

XS
SM
MD
LG