Accessibility links

Сербия президенті Балқандағы сербтердің құқығын қорғауға шақырды


Томислав Николич, Сербия президенті.
Томислав Николич, Сербия президенті.

Сербия президенті Томислав Николич бұрынғы босниялық сербтердің жетекшісі, әскери қылмыс жасады деп сотталған Момчило Краишникпен кездесуден соң Балқан түбегіндегі сербтердің құқығын барынша қорғауға шақырды. Николич пен Краишниктің 12 қаңтардағы кездесуі Балқан түбегіндегі сербтерде ұлтшылдық көңіл-күйдің көтеріліп келе жатқанын көрсетіп отыр және кездесуді құқық қорғау ұйымдары айыптады.

Краишникті БҰҰ трибуналы 1992-1995 жылдардағы Балқан соғысы кезінде серб еместерді қудалап, күшпен жер аударды деп айыптап, 13,5 жыл түрмеде отырып, 2013 жылы шыққан. 1995 жылы АҚШ-тың арағайындығымен жасалған келісім бойынша Босния босниялық сербтер мен мұсылман хорваттардан құралған одақ болған.

Бірақ босниялық сербтердің жетекшілері өздерінің Српска Республикасы деп аталатын құрылымын бөліп алып, Сербияға қосылуға шақырып келеді.

Српска Республикасын құрушылар ассоциациясы деп аталатын үкіметтік емес ұйымын басқаратын Краишник Николичпен кездесуден соң Боснияның "тұруға мүмкіндік жоқ ел" деп атады. "Сербтер өздерін жайлы сезіне алмайды. Хорваттар да дәл солай. Босниядағы жағдай алаңдатарлықтай" деді Краишник.

Ресейшіл Николич сербтер өздерінің мәртебесі қорғалғанын ғана қаламайтынын, сонымен қатар кириллица мен серб тілін де қорғауға шақыратынын айтты.

XS
SM
MD
LG