Accessibility links

Италия Ресей G8 құрамына қайта қосылады деп үміттенеді


Анджелино Альфано, Италия сыртқы істер министрі.

Италия сыртқы істер министрі Анджелино Альфано Ресей жақын уақытта "Үлкен сегіздік" (G8) елдері құрамына кіретінінен үмітті екенін мәлімдеді. "Үлкен сегіздік" форматы Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алған соң қызметін тоқтатқан.

"Біз Ресей қатысатын G8 форматының қалпына келгенін және қирғи-қабақ соғыс кезеңіндегідей ахуалдың жойылғанын қалаймыз" деді Альфано 11 қаңтарда Италияның Rai 2телеарнасына берген сұхбатында.

Альфаноның сөзінше, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресеймен қарым-қатынасты жақсартып, Мәскеудің G8 құрамына қайта оралатынына мүмкіндік жасайды деп үміттенеді.

"Біз АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы қирғи-қабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кеткенін көріп отырмыз" деген Альфано осы аптаның басында Нью-Йоркте журналистерге. Бірақ ол мамыр айында Сицилиядағы Таормин қаласында өтетін "Үлкен жетілік" елдерінің саммитіне дейін Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартудың қаншалықты мүмкін екенін білмейтінін айтты. 2014 жылдан бері АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Канада, Ұлыбритания, Франция басшылары G7 форматында кездесіп жүр.

Италия сыртқы істер министрі АҚШ Ресейге қатысты ұстанымын өзгертпейінше, Ресейдің Украинамен жасасқан Минск келісімінің талаптарын орындап жатқанына қандай да бір айғақ болмаса Мәскеудің G8 құрамына қосылу мүмкіндігі туралы әңгіме айтуға ерте болмағын айтты.

Италия бұған дейін Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкциясын ұзартуға қарсылық білдіріп, бірақ одаққа мүше елдердің қысымымен келіскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG