Accessibility links

Ташкентте Мирзияевке жаңа резиденциялар салынып жатыр


Ислам Каримов жұмыс істеген "Ақсарай", Ташкент (Көрнекі сурет).
Ислам Каримов жұмыс істеген "Ақсарай", Ташкент (Көрнекі сурет).

Азаттықтың Өзбек қызметінің Өзбекстан үкіметіне жақын дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ташкенттің орталығында жаңа президент Шавкат Мирзияевке арналған жаңа резиденциялар салына бастады. Мирзияев жұмыс істейтін ғимарат "Ақсарайдың" жанында, ал резиденциясы "Көксараймен" қатар орналасады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың басында басталған.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов жұмыс істеген "Ақсарай" Каримов атындағы мұражайға, ал оның қала сыртындағы резиденциясы - "Көксарай" демалыс паркіне айналмақ.

Қазір Шавкат Мирзияев сенат ғимаратында жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG