Accessibility links

Трамп кандидаттары Ресейге қатысты қатаң ұстанымда болуға шақырды


Пентагон басшылығына ұсынылған кандидат Джеймс Мэттис сенат тыңдауында отыр. Вашингтон, 12 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың елдің ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығына ұсынған екі кандидаты Ресейдің АҚШ пен Еуропа Одағындағы (ЕО) институттар жұмысын бұзуға ұмтылып отырғанын мәлімдеп, Мәскеумен қарым-қатынаста әлдеқайда қатаң саясат ұстануға шақырды. Пентагон басшылығына ұсынылған Джеймс Мэттис пен Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) директорлығына ұсынылған Майк Помпеоның мұндай мәлімдемелері Трамптың сайлауалды кампаниясында және сайлаудан кейін ұстанған көзқарастарына қайшы келеді. Мэттис пен Помпео 12 қаңтарда сенатта өткен жеке тыңдауда Ресейді басқыншы ойыншы деп атап, АҚШ-тың оған халықаралық аренада қатаң қарсылық танытуы керегін мәлімдеді.

АҚШ теңіз жаяу әскерінің бұрынғы генералы Джеймс Мэттис Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ны бұзуға талпынып отырғанын айтып, Вашингтонның бұл саясатқа қарсы тұруы керегін мәлімдеді. Ол Ресейдің "стратегиялық бәсекелес" жолын таңдап алғанын да айтты. Мэттис ынтымақтастыққа қарсы емесін, дегенмен Вашингтон Кремльдің әрекетін байыпты түрде бағалауы тиіс екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG