Accessibility links

Қуандық Бишімбаев екі айға қамалды


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі
Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды деп хабарлады Азаттыққа Астана қалалық сотының баспасөз қызметінде.

Астананың Алматы аудандық №2 соты Бишімбаевты қамау туралы санкцияны 12 қаңтарда шығарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 10 қаңтарда Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған. Бюро оны "аса ірі көлемдегі қаржыны бірнеше рет топ болып алдын ала келісім жасау арқылы алып отырған, ол қаражатты өз қажетіне жаратқан" деген күдікке ілінгенін айтады.

Қуандық Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша тергеу-ұстау изоляторына қамалған, соталды тергеуі жалғасып жатыр.

Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаев 2016 жылы 28 желтоқсан күні қызметінен босатылған. Ресми ақпаратқа қарағанда, президент Нұрсұлтан Назарбаев оны "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарып тұрған кездегі қызметіне қатысты туындаған мәселелер бойынша босатқанан айтқан.

2017 жылдың 30 желтоқсанында Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG