Accessibility links

Атырауда "Ауғанстаннан ЕО-ға мигрант тасығандар" сотталды


Атыраудағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).
Атыраудағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Атырау облыстық соты Қазақстан мен Ресейдің бес азаматын қылмыстық топ құрып, Ауғанстаннан Еуропаға мигранттарды тасымалдаумен айналысты деген айыппен түрлі мерзімдерге соттады.

Тергеу мәліметі бойынша, айыпталушылар Қазақстан арқылы "Солтүстік маршрут" деп аталған бағыт бойынша ресей-фин шекарасына мигрант жеткізуді ұйымдастырған. Айыпталғандар бұл канал арқылы мигранттарды 2015 жылдың қазанынан 2016 жылдың наурызы арқылы тасымалдаған. Сот сотталғандардың аты-жөнін және қаншауы қай елдің азаматы екенін айтпайды. Тергеушілер бұл топқа Ресей мен Ауғанстанның аты-жөні анықталмаған азаматтары да басшылық жасаған дейді.

Осы топты басқарды дегендердің біріне 10 жылға бас бостандығынан айырылу және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу үкімі кесілген. Тағы үш айыпталушы сегіз жыл мерзімге сотталған. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және заңсыз миграция ұйымдастырды деп айыпталған.

Бұл іс бойынша "таксист" қызметін атқарған бір адамды сот үш жылға бас бостандығын шектеген. Сот оны заңсыз миграция ұйымдастыру үшін астыртын сөз байласты деп айыптаған. Тергеу мәліметі бойынша, сотталушы мигранттарды қазақстан-ресей шекарасына дейін жеткізіп отырған.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

XS
SM
MD
LG