Accessibility links

Australian Open жарысының жеребесі тартылды


Юлия Путинцева.
Юлия Путинцева.

Теннистен 16 қаңтарда Мельбурнде басталатын Australian Open жарысының жеребесі тартылып, Қазақстан теннисшілері алғашқы қарсыластарын білді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 34-орында) алғашқы айналымда испаниялық Лара Арруабарренамен (64) кездеседі. Ал Ярослава Шведова (41) румыниялық Ирина Камелия-Бегумен (30) ойнайды.

Бірнеше жыл жарақатына байланысты жарыстарға қатыспаған Галина Воскобоева (310) бірінші айналымда украиналық Елина Свитолинамен (13) кортқа шығады. Ал қазақстандық тағы бір теннисші Зарина Дияс жарақат алып қалғандықтан жарысқа қатыспайды.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (97) бірінші айналымда іріктеуден өткен теннисшілердің бірімен кездеседі.

Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open 26 қаңтарда аяқталады. 2016 жылы бұл жарысты әйелдер арасында Анжелика Кербер (Германия) пен ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) жеңіп алған.

XS
SM
MD
LG