Accessibility links

Ақтөбе ІІД: Полиция қарулы күдіктінің көзін жойды


Полиция қарулы күдікті мінген көлікті тоқтатып, қару қолданды делінген Ақтөбе-Богословка жолы. 13 қаңтар 2017 жыл.
Полиция қарулы күдікті мінген көлікті тоқтатып, қару қолданды делінген Ақтөбе-Богословка жолы. 13 қаңтар 2017 жыл.

Ақтөбе полициясы "қарулы қарсылық көрсеткен", "радикалды исламды ұстанады" деген күдікті азаматқа қару қолданып, көзін жойды деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментіндегі сенімді дереккөзі.

ІІД баспасөз қызметінің 13 қаңтарда таратқан ақпаратына қарағанда, полиция бұған дейін 1983 жылы туған, "қарақшылық шабуыл жасағаны және күшпен бөтеннің көлігін тартып алғаны" үшін сотталған Е есімді азаматтың "қарақшылық шабуыл жасап, заңсз қару алып жүргені" туралы ақпар алған.

12 қаңтар күні кешкі сағат 21 шамасында полиция Ақтөбе-Богословка жолының бойында күдікті Е. отырған "Лада-Приора" көлігін тоқтатқан. "Көліктен шыққан күдікті полиция қызметкерлеріне қару кезеніп, полицияның өміріне қауіп төндірген. Ол полицияның қаруын тастау туралы бұйрығына ол бағынбай, қару қолданбақ болғанда полиция оған табельдік қарудан оқ атты" делінген ІІД таратқан ақпаратта.

Оқ тиген күдіктіге жедел жәрдем шақарылған, бірақ жараланған ауруханаға әкетіп бара жатқан жолда жарақатынан көз жұмған.

Арыстанғани Заппаров, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары. Ақтөбе, 13 қаңтар 2017 жыл.
Арыстанғани Заппаров, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары. Ақтөбе, 13 қаңтар 2017 жыл.

ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров Азаттыққа оққа ұшқан күдіктінің "радикалды исламды ұстанғаны" туралы ақпаратты я растап, я жоққа шығармады.

XS
SM
MD
LG