Accessibility links

Сирия: Израиль Дамаск маңына зымыран атты


Дамаск маңындағы Доума қаласында сәби көтеріп жүрген ер адам. Сирия, желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Дамаск маңындағы Доума қаласында сәби көтеріп жүрген ер адам. Сирия, желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Сирия үкіметі Израильді Дамаск маңындағы әскери әуе базасын зымыранмен атқылады деп айыптады.

Сирия әскери қолбасшылығының 13 қаңтарда мәлімдеуінше, жұмаға қараған түні Израильдің солтүстігінен бірнеше зымыран атылып, олар элиталық Республикалық гвардия орналасқан кешенге түскен.

Мәлімдемеде оқиға "сорақы шабуыл" деп аталғанымен, одан адам шығыны бар-жоғы айтылмаған.

Израиль зымыран шабуылы туралы мәлімдемені растап, я жоққа шығармады.

Әскери әуе базасы Сирия президенті Башар Асадтың резиденциясынан бірнеше километр қашықтықта ғана орналасқан және бұрын Дамаск маңындағы үкіметке қарсы күштерге әуе шабуылдарын жасау үшін пайдаланылған.

XS
SM
MD
LG