Accessibility links

HRW: Қазақстанда 2016 жылы адам құқығы жағдайы жақсармады


Human Rights Watch ұйымының белгісі (Көрнекі сурет).
Human Rights Watch ұйымының белгісі (Көрнекі сурет).

Қазақстан өткен жылы адам құқығын құрметтеуде алға ілгерілемесе де БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, Еуропа Одағымен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жасасты деп мәлімдеді Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы. HRW бұл туралы 12 қаңтарда жариялаған әлемдегі 2016 жылғы адам құқығының жай-күйі туралы есебінде айтты.

HRW Қазақстанға қатысты бұл ел билігі 2016 жылы экономикалық өсім баяулаған кезде екіұшты, нақтыланбаған қылмыстық айыптармен бейбіт демонстрацияға шыққаны үшін ондаған адамды қамап, белсенділерді қудалады, журналистерге қарсы қылмыстық іс қозғады дейді. Ұйым 2016 жылы үкіметтік емес ұйымдарды шектеп, жөнсіз ауыртпалық салатын заңдар қабылданғанын, экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды "азаматтардың ар-ұждан бостандығы, ой-пікір, жиналу және ұйымға бірігу еркіндігін қисынсыз шектеуге" пайдалану көбейгенін айтады.

"Қазақстан билігі тәуелсіз журналистер мен БАҚ-ты қысымға алып, қызметіне килігіп, күмәнді әрі қисынсыз айыптармен қылмыстық қудалауға дейін барады" дейді HRW. Ұйым бұған дәлел ретінде журналист Гузяль Байдалинованың "көпе-көрінеу жалған ақпар таратты" деген айыппен бір жарым жылға бас бостандығы шектелгенін, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевтың "қаржы жымқырды" деген айыппен сотталғанын келтіреді.

Ұйым 2016 жылы 21 мамырда жер реформасына қарсы шерулер кезінде 50 шақты журналистің, оның ішінде Азаттық тілшілерінің де аз уақытқа ұсталғанын айтады.

HRW Ресей, Түркия және Қытай сияқты елдердің басшылары өзгеше ойлайтындарды басып-жаныштауда белсендірек бола түсіп, Батыс елдерінде популистік партиялардың күш ала бастауы әсерінен әлемде адам құқығына төнетін қауіп күшейе түсті дейді.

XS
SM
MD
LG