Accessibility links

Дональд Трамп: Ресейге қарсы санкция бірден жойылмайды


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп баспасөз мәслихаты кезінде. Нью-Йорк, 11 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп баспасөз мәслихаты кезінде. Нью-Йорк, 11 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бұған дейін Барак Обама әкімшілігі бірқатар ресейлік азаматтар мен компанияларға салған санкциялар бірден алынып тасталмай, «кемінде әлі біршама уақыт» күшінде болатыны жайлы мәлімдеді. Бұл туралы Трамп жұма күні The Wall Street Journal газеті жариялаған сұхбатта айтқан.

Алайда Трамп болашақта ол санкциялардың күші жойылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Егер Ресей бізге шынайы көмек танытып, тіл табысып жатса, онда санкцияларды сақтаудың қажеті қанша?» деген Трамп.

Басылымның жазуынша, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті егер терроризмге қарсы күреске және АҚШ үшін маңызды өзге де мақсаттарға жетуге Ресей айтарлықтай жәрдем танытса, онда өткен жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлау кезінде америкалық серверлерге жасалған ресейлік хакерлер шабуылына жауап ретінде былтыр желтоқсанда президент Обама енгізген санкцияларды алып тастауы мүмкін екені туралы болжам айтқан.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ниеті барын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG