Accessibility links

Ирак армиясы Мосулда бірнеше маңызды нысанды алған


Ирак армиясы Мосулдың шығысында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы шайқасып жатыр. 9 қаңтар 2017 жыл.
Ирак армиясы Мосулдың шығысында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы шайқасып жатыр. 9 қаңтар 2017 жыл.

Ирак армиясы Мосул қаласындағы бас үкіметтік кеңсе – Ниневия провинциясы әкімшілік орталығынан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын ығыстырғаны туралы хабарланды.

Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, Ирак қарулы күштері сонымен қатар Мосулдың шығыс бөлігіндетағы бірнеше маңызды нысанды, атап айтқанда губернатор резиденциясын, провинцияның басқару кеңесін және Мосул университетін де радикалды исламшылдардан босатқан.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Мосулды 2014 жылы басып алған. 2016 жылғы қазан айында Ирак армиясы Мосулды радикалды исламшылдардан босату үшін көлемді операция бастаған. Оған Ирактың үкімет күштерімен бірге мұсылман шиит еріктілері және күрдтердің пешмерга жасағы да қатысып жатыр. Оларға АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе күштері қолдау көрсетіп отыр.

XS
SM
MD
LG