Accessibility links

Ресей АҚШ өкілдерін Сирия жайлы Астанада өтетін келіссөздерге шақырды


Сириядағы Идлиб қаласының маңында түсірілген сурет. 12 қаңтар 2017 жыл.
Сириядағы Идлиб қаласының маңында түсірілген сурет. 12 қаңтар 2017 жыл.

Ресей АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың әкімшілігі өкілдерін қаңтардың 23-і күні Астанада Сирия бойынша өтпекші келіссөздерге қатысуға шақырғаны туралы Washington Post басылымы хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Марк Тонер президенттік қызмет өкілеті аяқталуға жақындаған Барак Обаманың әкімшілігі АҚШ-тың жаңа президенті өкілдерінің Астанадағы келіссөздерге қатысуы туралы идеяға қолдау танытуға әзір екенін мәлімдеген.

Сирия жанжалын реттеу келіссөздері Дональл Трамп АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейін үш күннен соң Қазақстан астанасында өтпекші. Washington Post газетінің жазуынша, АҚШ-тағы Ресей елшісі Сергей Кисляк желтоқсанның 28-і күні телефон арқылы әңгімеде Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннді Астанадағы келіссөздерге қатысуға шақырған.

Бұған дейін Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздерге АҚШ-тың қатысуы мүмкіндігі жайлы Кремльдің комментарий бермейтіні хабарланған.

XS
SM
MD
LG