Accessibility links

Қазақстандық Рейхерд фристайлдан әлем кубогында алтын алды


Дмитрий Рейхерд Лэйк-Плэйсидтегі жарыс кезінде (Сурет fis-ski.com сайтынан алынды).
Дмитрий Рейхерд Лэйк-Плэйсидтегі жарыс кезінде (Сурет fis-ski.com сайтынан алынды).

Фристайлдан қазақстандық Дмитрий Рейхерд Лэйк-Плэсидте (АҚШ) өткен әлем кубогында алтын медаль алды. Ол бұл жарысқа могул жаттығуы бойынша қатысып, 82,20 ұпай жинады.

Күмісті франциялық Бенджамин Кавэ (80,73), қоланы америкалық Брэдли Уилсон (78,08) иеленді.

2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Рейхерд әлем кубогының кезеңінде екінші рет жеңіске жетіп отыр. Ол алғаш рет 2008 жылы Аре қаласындағы (Швеция) әлем кубогының кезеңінде алтын алған. 2012 жылы Қытайдағы әлем кубогында күміс медаль иеленген.

Фристайлдың могул жаттығуында спортшылар таудан ылдилай алдындағы бірнеше төмпешіктен өтіп, жол ортасындағы трамплиннен сальто жасайды. Төрешілер спортшының трамплиннен секіруін бағалайды және төрешілер ұпайына спортшының көрсеткен уақыты қосылып, ең үздік нәтиже көрсеткендері жеңіске жетеді.

XS
SM
MD
LG