Accessibility links

Ресейдің Красноуральск қаласында химия зауытына шабуыл жасалған


Полиция көлігі. (Көрнекі сурет.)
Полиция көлігі. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Свердлов облысы Красноуральск қаласындағы бұрын жарылғыш зат шығарған, қазір жұмысы тоқтап тұрған зауытқа қарулы адамдар шабуыл жасаған. Жұмаға қараған түні болған оқиға салдарынан кәсіпорынды күзететін үш адам жараланған деп хабарлады бүгін "Эхо Москвы" радиосы.

Полицияның бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

Әуелгіде жергілікті ақпарат құралдарында қарулы адамдар Красноуральск химия зауытында сақтаулы-мыс делінетін тротилді иеленуді көздеген деген ақпарат тараған еді. Бірақ Свердлов облыстық полиция басқармасы аталған зауыт «баяғыдан банкрот» болғандықтан оның да жұмысы тоқтап тұрғанын хабарлаған.

Баспасөз сілтеме жасаған полиция өкілдері кәсіпорын иелігіндегі аймақта жарылғыш зат болған емес деп сендіруге тырысқан. Зауытқа шабуыл жасағандар зауытты күзететін жеке күзет кәсіпорыны қызметкерлеріне қарудан оқ атқан. Күзетшілерде қару болмаған деп хабарланды. Оқ тиіп жараланған күзетшілер жергілікті ауруханаға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG