Accessibility links

Мәскеуде белсенділер саяси тұтқындарды қолдау акциясын өткізді


Ресей полициясы белсенділерді ұстап жатыр. Чистые пруды, Мәскеу, 14 қаңтар 2017 жыл.
Ресей полициясы белсенділерді ұстап жатыр. Чистые пруды, Мәскеу, 14 қаңтар 2017 жыл.

Ресей астанасында бүгін азаматтық белсенділер елде түрмеде отырған саяси тұтқындарды қолдау акциясын өткізді. Оған қатысушылар Ильдар Дадинге бостандық беруді талап еткен. "ОВД-инфо" құқық қорғаушы порталының акцияға қатысушылар мен оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, "халық жиыны" басталысымен оған қатысушыларды полиция ұстай бастаған.

Ұсталғандардың бірі Владимир Залищак Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында полиция акция өтіп жатқан жерден көлікке тиеген әйелдің денсаулығы нашарлап, оған жедел жәрдем шақырылғаны туралы жазған. Залищактың есебі бойынша, акцияға барлығы 50-ге жуық адам жиналған.

Ильдар Дадин - Ресейде митинг өткізу тәртібін бірнеше мәрте бұзғаны үшін сот үкімімен түрмеге қамалған белсенді.

XS
SM
MD
LG