Accessibility links

Конгрестің кей мүшелері Трампты ұлықтауға қатыспайтындарын айтады


АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі демократ Джон Льюис.
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі демократ Джон Льюис.

АҚШ Конгресінің сегіз мүшесі елдің жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың ресми түрде қызметіне кірісу рәсіміне қатыспайтындарын мәлімдеген. Олардың кейбірі Дональд Трамптың президент сайлауында жеңіске жетуіне Ресей көмектескен деп санайды.

NBC телеарнасы эфирінен қаңтардың 15-інде көрсетілетін сұхбатта АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі, азаматтық құқықтар үшін күрес ардагері демократ Джон Льюис Трампты заңды сайланған президент деп мойындамайтыны туралы мәлімдеген. АҚШ-тағы президент сайлауына Ресейдің ықпал еткені туралы барлау мәліметтері жөніндегі хабарларға қатысты пікір білдірген ол демократтардан президенттікке кандидат Хиллари Клинтонның сайлауда жеңілуін нақ осы жайтпен байланыстырған.

Конгрестің өзге мүшелері Трамп әйелдер туралы, әлеуметтік азшылықтар мен шетелдіктерге қатысты "әдепсіз" сөздер айтқаны үшін оның инаугурациясына қатысқылары келмейтіндігін айтқан.

Азаматтық құқықтар үшін қозғалыс белсенділері қаңтардың 20-сына белгіленген Дональд Трамптың инаугурациясы алдында наразылық аптасын бастамақшы. "Ұлттық әрекет" қозғалысы жетекшісі Аль Шарптон сенбі күні Вашингтонда басталатын шеруге өз жақтастары және өзге де бірнеше қозғалыс өкілдері қатысатыны туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл шеру Ақ үйдегі билікке келетін жаңа әкімшіліктің елдегі сайлау құқығы, денсаулық сақтау және қылмыстық құқық салаларында жүзеге асыру белгіленген реформалардан бас тартуына, сонымен бірге иммигранттарға қарсы шараларды күшейтуіне жол бермеу мақсатын көздейді.

XS
SM
MD
LG