Accessibility links

АҚШ-та Трампқа қарсы шерулер апталығы басталды


АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты ұлықтауға наразылық шеруіне қатысушылар. Вашингтон, 14 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты ұлықтауға наразылық шеруіне қатысушылар. Вашингтон, 14 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-та азаматтық құқықтар үшін қозғалысы белсенділері елдің жаңадан сайланған президенті Дональд Трампты ұлықтауға наразылық апталығын бастады. Қарсылық шерулері Трамптың инаугурациясы өтетін қаңтардың 20-сына дейін жалғаспақ.

Сенбі күні Вашингтонда екі мыңға жуық адам Трамптың болашақты жүргізетін саясаты мен оның бұған дейін әйелдер, әлеуметтік азшылықтар мен шетелдіктер туралы айтқан сөздеріне наразылықтарын білдіріп, көшеге шықты деп хабарлайды Reuters.

"Ұлттық іс-қимыл" қозғалысы жетекшісі Аль Шарптон бастаған шерушілер Вашингтондағы Капитолий ғимаратынан Мартин Лютер Кингтің мемориалдық ескерткішіне дейін Ұлттық аллеямен жүріп өткен. Шеруде сөйлеген белсенділер Ақ үйдің жаңа әкімшілігінің елдегі сайлау құқығы, денсаулық сақтау және қылмыстық құқық салаларында жүзеге асыру белгіленген реформалардан бас тартуына, сонымен бірге иммигранттарға қарсы шараларды күшейтуіне жол бермеу қажеттігін айтқан.

Былтыр президенттік сайлау кампаниясы кезінде Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланған жағдайда Мексикамен шекара бойына дуал тұрғызып, Барак Обама президент болып тұрғанда қабылданған денсаулық сақтау саласындағы реформаны тоқтатуға уәде еткен. Ол реформа АҚШ азаматтарының барлығын міндетті медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуді көздейді.

XS
SM
MD
LG