Accessibility links

Түркия Ирак және Сириямен шекарасында дуал тұрғызды


Түркия мен Сирия шекарасындағы бетон дуал. Хатай провинциясы, Түркия, 1 қараша 2016 жыл.
Түркия мен Сирия шекарасындағы бетон дуал. Хатай провинциясы, Түркия, 1 қараша 2016 жыл.

Түркия Ирак пен Сириямен шекарасында ұзындығы 300 шақырымнан асатын бетон дуал құрылысын аяқтады деп хабарлады түркиялық Anadolu агенттігі. Бұған қоса, шекара бойымен тағы 190 шақырымға тікенек сымнан қоршау тартылған. Түркия шекараға дуал тұрғызуды 2015 жылдың соңында бастаған.

Түркия билік орындарының ақпараты бойынша, 2016 жылы 60 мыңға жуық рет шекараны заңсыз кесіп өтпек болғандардың жолы кесілген. Олардың көбі Түркия мен Сирия арасындағы шекарада болған.

2017 жылдың басында кейбір баспасөз құралдары Анкараның Иран және Армениямен шекараға да дуал орнатуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған. Армения мен Түркия арасындағы шекара 1993 жылдан бері жабық тұр, екі ел арасында дипломатиялық байланыс жоқ.

XS
SM
MD
LG