Accessibility links

Ресейде жол апатынан жеті қырғыз азаматы мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Саратов облысы Петров ауданында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығып қалып, апат салдарынан Ресейге жұмыс істеуге бара жатқан Қырғызстанның жеті азаматы қазаға ұшыраған. Баспасөз құралдарының хабарлауынша, жол-көлік апаты бүгін түнде Нижний Новгород - Саратов тасжолының Тарумовка селосы маңына жақын жерде болған.

Жүк көлігі Пенза қаласынан шыққан. Қырғызстан билік орындары шағын автобустың қаңтардың 14-і күні Қазақстан шекарасынан Ресейге өткенін растаған.

Қырғызстандағы кедейшілік пен жұмыссыздық салдарынан осы елдің мыңдаған азаматы жұмыс іздеп шетелге кетуге мәжбүр.

XS
SM
MD
LG