Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиге екі күндік ресми сапармен барды. Бұл туралы бүгін Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Назарбаев Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік қайраткерлерімен, іскер топ өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізіп, «Болашақ энергиясы» дүниежүзілік саммиті жұмысына қатыспақ.
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шариф «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Назарбаев Дубайда БАӘ өкілдерімен туризм, қаржы, экономика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қояды деп жоспарланып отырғанын айтқан.
Бұл Қазақстан президентінің 2017 жылы шетелге жасаған алғашқы ресми сапары.